7 Окт 2020

Уақыт зымырап өткен сайын тарихтың қатпары қалыңдай береді. Ойлап отырсақ, еліміз егемендік алғаны, дербес мемлекет атанғаны кеше ғана секілді еді… Осы жылдар қазақ елі үшін алтын ғасырға бергісіз жылдар десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға аян.
Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыт ішінде Нұрсұлтан Әбішұлының ұтымды да ұтқыр басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы беделі мен мәртебесі күн санап, жыл санап асқақтай түсті. Соның айқын айғағы деп Қазақстанның ЕҚЫҰ ұйымына төраға болып Саммит өткізгенін, қысқы Азия ойындарын ұйымдастырғанын, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайын дәстүрге айналдырғанын айтуға болады. Қазақ елі төрткүл дүниеге бейбітшілік пен татулықтың мекені ретінде танылуда!

Алимов Шавкат Ғайратұлы,
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық «Айбын» әскери-патриоттық клубының жетекшісі.