1 Сен 2020

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 01 қыркүйекте жолдаған Жолдауын ерекше ықыласпен  тыңдап шықтым. Президенттің әр сала бойынша әрбір тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды.    
   Жолдаудан көңіліме ерекше қонғаны  Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуды тапсыруы  «Аналар кеңесінің» төрайымы ретінде менің көңіліме ерекше қонды. Бұл сәби сүйе алмай жүрген отбасылар үшін дұрыс шешім болды деп есептеймін. Президент барлық ауылдық елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл өз кезегінде Қазақтан халқы санының өсуіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз деп білемін. 
  Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға өсіруді және азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл игі шара ұрпағымыздың білім сапасының артуына мол мүмкіндік береді деп сенемін. 

Маржан Кривенцова,
Кентау қалалық ҚХА жанындағы
«Аналар кеңесінің» төрайымы