1 Сен 2020

Өздеріңізге мәлім, бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Сөз басын елімізде пандемия салдарынан көз жұмғандар елімізге ауыр соққы болғандығымен бастады. Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген дертті алдағы кезеңде ауыздықтау бойынша бірқатар шаралар қолға алынбақ.

Еліміз еңсесін тіктеп, экономикамызды да тұрақтау бойынша біршама жұмыстар атқарылатын болады.
Президент өз сөзінде Қазақстанның даму кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамытуды Үкіметке тапсырды. Сонымен қатар келесі жылдан бастап ауылшаруашылығы меншігіндегі жерлер толықтай өз құзырымызда қалып, шетелдіктерге сатылмайтындығын жеткізді.
Сан саланы қамтыған Жолдау біздің бірігіп ел үшін жауапкершілікті сезінуімізді жеткізді. Бұл ретте әрбір Қазақстан азаматы барынша үлес қосуы керек деп білемін.

Султанов Юлдаш Шадыбаевич,
Түркістан облыстық
«Парвиз» тәжік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.