1 Сен 2020

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясы өтті. Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысқан отырыстың күн тәртібіне сәйкес Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады.
Президент өз Жолдауын елімізге енген пандемияға қарсы күрес шараларының бүгінде күшейтілгендігімен бастады. Әлемді дендеген дерт баршамызға ауыр соққы болды. Қазіргі таңда ахуалдың жақсаруы – босаңсуды білдірмейді деді Президент.

Біз алдағы уақытта әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу жолында жұмыла күш жұмсауымыздың керектігін де өз сөзінде қадап айтты.
Сонымен қатар, пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеп, сол арқылы тірліктер атқарылатындығын да алға тартты. Мен, бүгінгі Жолдауды тыңдау арқылы кемел көшбасшымысыз бен халық алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығына тағы да көзім жетті.

Дүйсенкүл Жамболова,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.