28 Авг 2020


Сіздерді шын жүректен Еліміздің ең басты мерекелерінің бірі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының сенімді кепілдігі, сондай-ақ мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басамыз. Осы бір шуақты күні облысымыздың әрбір тұрғынына отбасы амандығын, мықты денсаулық пен ашық аспан тілеймін!

Аюпов Фарит Галимович,
«Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы.