27 Авг 2020

Елбасымыз, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесін алғандығын естіп қуанып отырмын.


​Бұл мәртебе Елбасыға ғана емес бүкіл қазақ еліне берілген мәртебе деп білемін. Елімізде ғана емес, әлемде бейбітшілік орнуы үшін талмай еңбек етіп жүрген Нұрсұлтан Әбішұлының бейнеті шынайы. Оны байқамау, бағаламау мүмкін емес.
Аса қадірлі, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа мәртебеңіз құтты болсын, алдағы еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық тілеймін!

Малыбаева Гүлбарам Дүйсебекқызы,
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы
Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі.