27 Авг 2020

Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болғаны белгілі. Тарихи сәттердің қатарын толықтырған бұл мәртебенің құндылығы жоғары.

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан планетадағы ең қуатты ядролық қарудың төртінші арсеналынан бас тарту шешімін өз еркімен таңдады. Тарих бұл қадамның дұрыстығын растады – біз жарқын мысалмен бейбіт жолмен прогресс пен өркендеуге бет алуға болатынын көрсеттік», — Елбасы өз үндеуінде атап көрсеткен еді.

Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру — келешегіміздің кемелдігін көрсетсе керек. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды.

Сапаров Сарманбай Кочалиевич,
«Ахыска» Түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі Түркістан облысындағы филиалының төрағасы.