18 Авг 2020

Мен, Юлия Дробязко. Жүрегім кең байтақ қазақ даласын Отаным деп білетін орыс қызымын. Бүгінде берекелі қазақ отбасының түтінін түтетіп отырған инабатты келін, әрі 3 баланың ардақты анасымын.

Өзім шырайлы Шымкент қаласында туып-өстім. Қазақ ортасында тұрып, қазақы тәрбиені бойыма барынша сіңіріп өстім.  

Мектептен кейін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндежоғары білім алдым. Әрдайым, қоғамдық іс-шаралардың бел ортасынан табылып, студенттікдәуренді барынша мазмұнды өткізуге білек сыбанакірістім.

Өзім белсенді студенттердің басын біріктіріп, оқу орны жанынан құрылған «Достық» клубынажетекшілік еттім.

Әлі есімде 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облысқа жасаған сапары аясында облысжастарымен жүздесті. Аталған жиындаПрезиденттің жанында сөз сөйлеу құрметіне иеболдым.

Бүкіл ел алдында Елбасыға болашақта қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтың санынкөбейтуге уәде бердім. Президенттің алдында сөз сөйлеп, уәде беру үлкен мәртебе әрі жауапкершілікболса, оны орындау мен үшін мерейлі міндет депбілдім.

Міне, бүгінде сол уәдемде тұрып, қазақ жігітінетұрмысқа шықтым. Жолдасым – қазақ. Балаларымда  қазақтың қанынан. Өзім де қазақ боп кеткенмін. Отырар жерінің үлгілі келіндерінің қатарынанмын.

Қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы – ағайын-туыстардың көптігі. Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Өзара қазақ тілінде сөйлесеміз.

Қазақ отбасына келін болып түскен күннен бастап, қазақтың тұрмыс-тіршілігіне тез сіңісіп кеттім. Қамыр жайып, ет асуды, ұлттық тағам дайындау мен салт-дәстүрді тереңінен меңгердім.

Бүгінде мені ешкім орыс демейді. Табиғатым да қазақ болып кеткен. Біздің қызықты өмірсалтымызға төркінімнің де еті үйренді.

Расында да, мен қазақ отбасына келіп, үлгілі, өнегелі шаңырақтың бөлінбес бір бөлшегіне айналғанымды маңдайыма жазылған бағым, бақытым деп санаймын.

 Юлия ДРОБЯЗКО,

(қазақтың келіні)