31 Июл 2020

Бүгін бүкіл мұсылман халықтарының ең басты ұлық мейрамы Құрбан Айт мерекесі құтты болсын! Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра — мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады.

Құрбан Айтта мұсылман жұрты құрбандыққа мал сойып, думанды мейрам жасап, үлкен-кіші арасында үгiт-насихат, өсиеттер айтып, бір-біріне құрмет көрсетеді.Барша мұсылманның тілегі мен ниеті ұштасатын игілік пен мейірімділік мерекесі — Құрбан айтта өмірден озғандар үшін дұға етіп, еліміздің амандығы үшін жасаған тілектеріміз қабыл болсын! Індетті жеңіп, әр отбасында қуаныш пен шаттық орнасын!

Дана Кенжеқұлова