31 Июл 2020

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрбан Айт мерекесі құтты болсын!Мұсылман бауырлардың ұлық мерекелерінің бірі саналатын айт мейрамы баршаңызға құтты болсын! Бұл күні қылған ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт – береке мен төрлеріңіз ырыс – ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шуақты күндер нәсіп етсін! Арайлап атқан әрбір таң молшылық пен шаттық әкелсін! Жер бетінде тараған індеттен сақтап, халқымыздың денсаулығын мығым еткей! Аман – есен айттан айтқа жете берейік!

Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалы