31 Июл 2020

Онлайн шалынған құрбандықтың еті қалай таратылады?Құрбандық еті қалай таратыладыҚұрбандық етін алу үшін де Qurban2020.kz сайтында өтініш қалдыру қажет. Ол үшін алдымен «Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру» батырмасын басып, жеке мәліметтерді енгізу керек. Олар:өңірді таңдау;ЖСН, аты-жөнін және телефон нөмірін енгізу;мекенжайды көрсету;әлеуметтік мәртебені жазу;құжаттардың көшірмесін тіркеп жіберу.

«Ауқатты және мұқтаж емес адамдар өтініш бере алмайды. Шын мәнінде қиын жағдайда қалған мұқтаж жандарды ойлап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Жәрдемге мұқтаж жандар құрбандыққа шалынатын малдың санына қарай көмек алады», — делінген сайттың ескертуінде. Айта кеткен жөн, еріктілер құрбандық етін мұқтаж адамдардың үйіне дейін жеткізіп береді. Сол кезде барлық санитарлық шаралар сақталуы шарт.