30 Июл 2020

Карантин кезінде еңбек майданында жүрген медицина мамандарының қазіргі таңда атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Қазір отандық БАҚ пен әлеуметтік желіде дәрігерлерге қолдау ретінде әртүрлі бастама көтеріп жатқандар көп. Әуелден «ақ халатты абзал жан» деп ардақтап келсек те, қазір олардың қадірін шынайы ұғынғандай болдық.

Әр саланың қиындығы мен қызығы бар десек, өмір мен өлім арасындағы қызметке бас тігу үшін үлкен жүрек керек. Шеттегі дәрігерлердің тәж-тажалмен күресте, дерт жұқтырып қаза болып жатқанын ашық дереккөзден оқып жүрміз. Бұл ретте отандық мамандарға қолдау білдіріп, олардың еңбегін біз айтпасақ, кім айтады?!

Бүгінде елімізде қаншама адам вируспен күресіп жатыр. Қанша дәрігер олардың қас-қабағын бағып жүргенін ескеріңіз, науқас жандар жат болса да жақынына айналып кеткені анық. Кентау қаласы тұрғындарының атынан адамзат баласының тәні мен жанының емшісі бола білген дәрігерлерге мың алғыс!