30 Июл 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 31 шілде — Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Мың алғыс» жалпыреспубликалық акциясы аясында, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, еріктілер тобының жетекшісі Хасантаев Бобуржон Икрамжанұлы бастамасымен еліміздегі жағдайға жанашырлықпен қарайтын ерікті азаматтар бірлесіп, індетке шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, микротолқынды пеш табыстады.


Әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын салатын және қыл үстіндегі тағдырын арашалаушы, жүректерге үміт пен сенім сыйлай білетін ақ халатты абзал жандаымыздың еңбегі елеулі!