29 Июл 2020


Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде,яғни 31 шілдеде «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.


Акция індетке шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін және алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған.
Арамызда жүрегі жомарт, көңілі көл жандар аз емес. «Бүкіл кемелдіктің өзегі — ізгілік» деп ұғатын сол ел аузындағы елеулі азаматтар да осы қайырымыдық акциясына атсалысады деген сенімдеміз. Бұл акция –ұлағатты ұлан міндетін ұға білген, қайырымдылық шараларына енжарлық танытпай, ықыласты түрде ризығын бөлісе білген нағыз жомарт жандардың ақциясы. Акция барысында медицина қызметкерлерінің отбасыларына материалдық (азық-түлік жиынтығы, мерекелік себеттер т.б.) қолдау көрсету жоспарлануда. Акцияға Сайрам ауданының барлық қайырымды жандарын қатысуға шақырамыз!