29 Июл 2020

Дүниежүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте ең алдымен, ақ халатты абзал жандарға күш түсіп отырғаны белгілі. Адам жанының арашашысы, адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп жүрген, күн демей, түн демей қызмет жасап жатқан Мақтаарал және Жетісай аудандық ауруханаларының 500 ден астам медицина саласының қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырылып берілді.
Осындай қиын сәтте дәрігерлерге құрмет көрсетіп, қол-ұшын берген Мақтаарал аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдухошим Боевқа медицина саласының қызметкерлері өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.