5 Янв 2020

Баршамызға мәлім Президентіміз 2020 жылды – Волонтерлер жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай еліміздің барлық аймағында еріктілердің жобаларын дамыту мен жоспарларын жүзеге асыру мақсатында түрлі ісшаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгін осы мақсатта Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен волонтерлер қозғалысы орталығының бірыңғай Ашық есік күні өтті. Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» өткен шарада этнос өкілдерінің жастары мен белсенді волонтерлер қатысты.

Сонымен қатар ашық есік күнінде волонтерлер қозғалысының негізгі бағыттары мен міндеттері жиылғандарға кеңінен түсіндірілді. Қозғалыстың жұмысын нақтылауға арналған тұжырымдама да таныстырылды. Арнайы сөз алған Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Рысбеков Ғани Құрмашұлы өз сөзінде: «Баршамызға мәлім, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  2020 жылды – Волонтерлер жылы етіп жариялаған еді. Бұл өткен жыл «Жастар жылының» жалғасы іспетті. Демек, еліміздің жарқын болашағы өздеріңізбен тығыз байланыста» деп этнос жастарына ерекше екпін берді.

Волонтерліктің мақсаты мен міндетін межелеген жиында жастар үшін жаңалық болар құнды дүниелер талқыға түсті. Осы ретте Түркістан облысы «NGL» еріктілер мектебінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Есіркеп Айдана өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған тақырып шеңберінде Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Актерлік шеберлік» үйірмесінің көрінісі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ашық есіктің аясында қолға алынған тренингтерден қатысушылар маңызды ақпаратқа қол жеткізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын ұсынып, тұщымды жауаптарын алды.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының негізгі бағыттары бірлік, білім, тәрбие және келісім салаларынан құралған. Ашық есікке қатысушылар осы салаларды қамтыған жыл көлемінде атқарылатын жұмыстармен де танысты. Шара қорытындысында Ассамблеямен бірлесе жүргізілетін бағыттар айқындалып, жоспарлар нақтыланды.

Түркістан облыстық ҚХА баспасөз қызметі

ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ ДЛЯ ВОЛОНТЕРОВ

Президент РК К.Токаев в своем Послании народу Казахстана объявил 2020 год – Годом волонтерства. В этой связи во всех регионах страны проводятся различные мероприятия по реализации планов развития волонтерского движения в Казахстане.

Согласно планам и задачам Ассамблеи народа Казахстана сегодня в «Молодежном ресурсном центре» города Туркестан состоялся Единый день открытых дверей Центра волонтерского движения Ассамблеи народа Казахстана Туркестанской области. В нем приняли участие члены молодежного движения «Жаңғыру жолы», представители молодежных крыльев при этнокультурных объединениях области, студенческая молодежь.  

В ходе мероприятия его участники были ознакомлены концепцией деятельности Центра волонтерского движения АНК, планами его дальнейшей деятельности. О целях и задачах Центра более подробно рассказал заместитель председателя Ассамблеи народа Казахстана Туркестанской Г.Рысбеков. В частности, он отметил, что Год волонтерства в Казахстане это своего рода продолжение Года молодежи, который широко был отмечен в нашей стране в прошлом году.

В мероприятии также выступила Айдана Есиркеп, основательница и руководитель Волонтерской школы  «NGL», которая поделилась своим опытом развития волонтерства. Меропритие продолжилось актерскими дебютами участников кружка актерского клуба при «Молодежном ресурсном центре» и тренингом мастеров-психологов по саморазвитию личности.

Пресс-служба Туркестанский областного АНК